Шығыс пен Батыс

тоғысатын жер

Компанияның құрылымы

Жаслан Хайыргелдіұлы Хамзин

Бас директор

Жаслан Хамзин 1982 жылдың 25 қарашасында Астана қаласында дүниеге келген. Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығын үздік бітірген. 2005 жылдан 2007 жыл аралығында Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылы Қазақ хабарлама жолдарына оқуға түсіп, оны 2012 жылы «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша тәмамдайды. 

2004 жыл мен 2005 жыл аралығында Жасұлан Хамзин «Қазтранссервис» АҚ-да көліктік-экспедициялық қызмет көрсету Басқармасында тарифтік саясат секторында Жетекші инженер болып еңбек еткен. 2005 жылдан 2006 жылға дейін «Қазтранссервис» АҚ-да  маркетинг, экспедициялау және даму Басқармасының көліктік-экспедициялық қызмет көрсету бөлімінің Инженері болып жұмыс істеген.

2006 жыл мен 2007 жыл аралығы - «Қазтранссервис» АҚ«Солтүстік» филиалының көліктік-экспедициялық қызмет көрсету секторының басышысы. 2007 жыл мен 2012 жыл аралығы -  «Қазтранссервис» АҚ «Солтүстік» филиалының директорының орынбасары. 2012 жылдан 2013 жыл аралығында «Қазтранссервис» АҚ-да жүк және коммерциялық жұмыс Басқармасының басшысы болып еңбек еткен.   2013 жылдан 2015 жыл аралығында –«KTZ Express» АҚ-да сату және клиенттермен жұмыс департаментінің Директоры.   2015 жылдан 2016 жыл аралығында «KTZ Express» АҚ контейнерлік тасымалдау Департаментінің Директоры болып қызмет атқарған. 

2016 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС Бас директоры болып табылады.

Жандос Әлайдарұлы Әлайдар

Бас директордың қаржы және экономика жөніндегі орынбасары

Туған кезі: 19 желтоқсан 1980 жыл

Жандос Әлайдар Шәкәрім ат. Семей Мемлекеттік Университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Т.Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университетін және Ломоносов ат. ММУ Жоғары бизнес мектебін аяқтаған.

Жандос Әлайдар өзінің еңбек жолын 2001 жылы университетті аяқтағаннан кейін, «Алматы» Қаржы- экономикалық орталығында, жұмысты «Қазақстан Темір Жолы» РМК жетекші бухгалтер ретінде бастаған.

2003 пен 2007 жылдар арасында «Қазақстан Темір Жолы Ұлттық компаниясы» АҚ-ң «СТК Сервис Лимитед» ЖШС және «Локомотив-сервис ТЧ-28» ЖШС сияқты еншілес ұйымдарында қаржы директоры болып жұмыс істеген. 2007 мен 2008 жыл арасында «Кедентранссервис» АҚ корпоративтік даму департаментінің Директоры ретінде жұмыс істеген.

Жандос Әлайдар сондай-ақ мынадай ұйымдарда жұмыс істеген: «Парасат» Ұлттық ғылыми- технологиялық холдингі» АҚ, «Eclat» ЖШС көліктік- логистикалық компаниясы, Шлюмберже компаниясы, Смит Сервисез Си Ай Эс Би Ви Ви, «Жол Жөндеуші» компаниясы, сондай-ақ «СТС-007» ЖШС.

2016 жылдың маусымында «KTZE-KhorgosGateway» ЖШС- да Бас директордың қаржы және экономика жөніндегі орынбасары ретінде жұмысқа кірісті.

Жандос Әлайдар экономика ғылымдарының кандидаты болып табылады.

 

Ерік Берікұлы Айтбеков

Өндіріс бойынша бас директорының орынбасары

Ерік Айтбеков 1981 жылдың 13 ақпанында Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылдан 2004 жыл аралығында Қазақ көлік және коммуникация академиясы «Теміржол көліктерінде тасымалдауды ұйымдастыру» факультетінде теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер біліктілігі бойынша білім алған. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне экономика факультетіне түсіп, 2007 жылы «Экономист» мамандығы бойынша оқуын тәмамдайды.

2002 жылдан 2004 жыл аралығында «Қазтранссервис» ААҚ «Солтүстік» филиалында контейнерлік тасымалдаудың Жетекші инженері болып жұмыс атқарған. 2004 жыл мен 2005 жыл аралығы -  ақпараттық қамсыздандыру мен техникалық саясаттың бас инженері.  2006 жылдан 2008 жыл аралығында «Қазтранссервис» ААҚ «Солтүстік» филиалында контейнерлік тасымалдаудың бөлім Басшысы болып қызмет еткен. 2008 жыл мен 2009 жыл аралығында  «Қазтранссервис» АҚ «Батыс» Филиалында Бас инженер болып еңбек етеді.  2009 жыл мен 2010 жыл аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өндірістік-техника орталығында еңбекті қорғау бөлімі басшысының орынбасары болды. 2010 жылдан 2013 жылға дейін «Қазтранссервис» АҚ «Оңтүстік» филиалында Алматы 2 агенттігі басшысының орынбасары болып жұмыс атқарған. 2013 жылдан 2015 жылға дейін «Қазтранссервис» АҚ «Оңтүстік» филиалы директорының Орынбасары болып еңбек еткен. 2015 жыл мен 2016 жыл аралығында - «Қазтранссервис» АҚ-ның Бас инженері. 2017 жылдан бастап «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС-нің өндіріс бойынша Бас директорының Орынбасары болып жұмыс атқарады. 

Асқат Шаяхметұлы Тоқсаба

Бас директордың әкімшілік- құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары

Асқат Тоқсаба 1986 жылы 21 тамызда Астана қаласында туған. 2004 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқуға түскен. Бакалавр дәрежесін алған. 2010 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратураға түскен (экономика және бизнес магистры дәрежесі). 2011 жылы «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақысын алып, Ланкастер Университетіне түсті, Ұлыбритания «Халықаралық кәсіпкерлік және корпоративтік құқық» мамандығы.

Жұмыс тәжірибесі:

2008 жылдың тамызынан 2009 жылдың маусымына дейін – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Заң департаментінің Заңгері.

2009 жылдың маусымынан 2011 жылдың тамызына дейін - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасының Хатшысы;

2011 жылдың тамызынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ корпоративтік даму Департаментінің бас менеджері;

2012 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың тамызына дейін - «FNAGroup» ЖШС Бас директоры;

2013 жылдың тамызынан 2015 сәуіріне дейін - «KTZExpress» АҚ Құқықтық департаментінің Бас менеджері («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 100% еншілес ұйымы );

2015 жылдың сәуірінен осы күнге дейін – Бас директордың әкімшілік- құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары

 

Өмірзақ Жаңбырбайұлы Бекенов

Бас инженер

Туған күні: 1977 жыл 08 қараша

Өмірзақ Бекенов Ақмола облысы, Ерейментау қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы менеджер-экономистер институтына түсіп, 1988 жылы оны «Әлеуметтік сала жөніндегі менеджер-экономист» мамандығы бойынша аяқтайды. 2002 жылдан 2005 жыл аралығында Қазақ көлік және коммуникация академиясында «Тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алады. Өмірзақ Бекенов мамандық бойынша «Болашақ» бағдарламасымен Лондонда білімін шыңдаған, сонымен қатар осы бағдарлама аясында Сеул қаласында «Көлк, логистика, көліктік техника және технологиялар» біліктілігі бойынша тағылымдамадан өткен.

1998 жылдан 2000 жыл аралығында Астана қаласының Қалалық білім Басқармасында жұмыс атқарған. 2001 жылдан 2002 жыл аралығында Ақмола облыстық жол бөлімінде ЕДК типті кран крандық бригадасының Нұсқаушысы болып еңбек етеді. 2002 жылдың қаңтар-шілде айларының аралығы -  «Инфрақұрылым» қалалық құрылыс саясаты департаментінің экономика бөлімінде Жетекші инженер. 2005 пен 2007 жыл аралығынд «Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінде» қалыпқа келтіру және өрт сөндіру жұмыстары Басқармасының техникалық бөлімінің Басшысы болып жұмыс істейді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының магистраль желісінің дирекциясы. 2007 жылдан 2016 жыл аралығында «Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінде» қалыпқа келтіру және өрт сөндіру жұмыстары Басқармасында қалыпқа келтіру және өрт сөндіру поездары бойынша жұмыстардың бөлім Басшысы болып жұмыс атқарған.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының магистраль желісінің дирекциясы. 2016 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың желтоқсан айы аралығында «KTZ Express» АҚ-да капиталдық құрылыс Департаментінде Бас менеджер болып еңбек еткен. 2017 жылдан бастап «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС-нде Бас инженер болып қызмет атқарады. 

Джаянт Ланджевар

Өндіріс жөніндегі Департаменттің директоры

Туған кезі: 27.01.1979

Джаянт Ланджевар Khorgos Gateway жобасымен оның іске қосылу кезеңінен бастап, 2014 жылдың ақпанынан бері жұмыс істейді. Барлық қажетті өндірістік талаптарды дайындауға белсенді тартылған, оның тұсында Құрғақ портта жүкті өңдеу бойынша алғашқы операциялар жүргізіле бастады. Оның тәжірибесі мен дағдылары операцияларды сәтті іске қосуға және өңделінетін жүк көлемдерін арттыруға үлкен үлес қосты.

Өзінің еңбек қызметін 1996 жылы аса ірі контейнерлік және жүк сауда кемелерінде кемеші ретінде бастаған. Сауда кемесінің дипломдалған капитаны дәрежесін алып, өзі үшін енді құрлықта неғұрлым күрделі тапсырмалар қоюды шешті. Джаянт Ланджевар 2013 жылдан бері DP World (Үндістандық субконтинент) порттарының аса ірі дүниежүзілік операторларының бірінде жұмыс істейді, онда Nhava Sheva Container Terminal (NSICT) терминалдық портында еңбек еткен, сосын Компанияның Өңірлік Бас Кеңсесінде лауазымды иеленген.

Контейнерлерді өңдеу бойынша операциялар саласындағы үлкен жұмыс тәжірибесінің арқасында, оның негізгі міндеті Субконтиненттің бес аса ірі терминалдарында жүкті өндіру және өңдеу процестерін үнемі жақсарту болған.

МВА Aberystwyth Университетінің МВА дәрежесі бар, Уэльс, Ұлыбритания.

 

Мохамед Мохельдин

Инженерлік- техникалық қамтамасыз ету жөніндегі Департаменттің директоры

Туған кезі: 2 мамыр 1982 жыл

Мохамед Мохельдин мансабын «Caterpillar equipment» компаниясында жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша инженер ретінде бастаған, онда ол дүниежүзілік көшбасшы үшін жабдыққа эксплуатациялық қызмет көрсетуде баға жетпес техникалық тәжірибе алды.

2008 жылдан бері Мохельдин мырза «Apmt Terminals»- да, әлемде көлемі бойынша екінші орынды алатын, терминалдардың порттарын басқаратын компанияның бас инженер-механигі ретінде жұмыс істеген. Оның басты мұраты үздік технологиялар жасау, тиеу- түсіру жабдығының максималды болуын, және тапсырыс берушіге қызметтерді ең үздік тәсілдермен көрсету мүмкіндігін жақсартатын, жұмыс кезіндегі қауіпсіздіктің аса жоғары стандарттарын қамтамасыз ету, және жүктер мен контейнерлерді қайта тиеу жылдамдығы мен үздіксіздігін кепілдеу болды.

2014 ж. «KhorgosGateway» ЖШС- ға жұмысқа орналасу алдында, Мохельдин мырза үндеу тастап, «BGT» (Basragatewayterminal) компаниясына техникалық директор лауазымына орналасты, онда ол UmmQasr терминалын өңірдегі анағұрлым маңызды терминал ету үшін, ол терминалдың жұмыс әдістері мен барлық процесті қалпына келтіруге көмектесті. Мохельдин мырза өзінің кең тәжірибесінің арқасында жинақталған білімі бар бола отырып, өндірістің тиімділігі мен жабдықтың рентабельділігін арттыру, сондай-ақ қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету үшін, халықаралық стандарттарға сәйкес инженерлік- техникалық салада неғұрлым прогрессивті әдістерді енгізуге көмектесті.

Мохамед Мохельдин мырза электрлік механика саласында инженерлік-техникалық факультеттің инженер мамандығы бойынша магистрант болып табылады.